Ресейде шу тудырған «Рошен» компаниясының кондитерлік өнімдері Қырғызстанда да тексеруден өтіп жатыр. Бұл туралы сейсенбі күні республиканың Денсаулық сақтау министрлігі Аурудың алдын-алу және сараптама департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Департамент украиндық «Рошен» фирмасының кәмпиттерін сараптамадан өткізіп жатыр.
Зертханалық зерттеулер бүгін жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі жақын күндері белгілі болмақ», — делінген хабарламада.