800 млн. теңгенің астығын өз элеваторынан ұрлаған адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
800 млн. теңгенің астығын өз элеваторынан ұрлаған адам ұсталды

800 млн. теңгенің астығын өз элеваторынан ұрлаған адам ұсталды

Мемлекет қорына тиесілі 19 тонна бидай ұрланды! Көпшілікті айға қаратып кеткен қылмыс Батыс Қазақстан облысында орын алған. Тексере келе астықты жауапты қойма басшысының өзі жымғырған болып шықты.

  • 14 Тамыз 2013
  • 381
Фото - Caravan.kz


Мемлекетке тиесілі бидай «Ақсай элеваторында» 36 қоймада сақталған. Бірақ, қаржы полициясы тексере келе 17-сінің іші бос екенін анықтады. Әзірге ұрланған бидайдың құны 854 млн. теңгеге бағаланып отыр. Қылмыскерлер қоймадан 19 тоннаны шығару үшін тыңқылықты дайындалған көрінеді. Алдын-ала қамбалардың бетіне арнайы тақтайшалар қойып, бетіне бидай сепкен. Яки, орны толып тұрған тәрізді. Десе де, қазір ұрлығы әшкере болған элеватор басшысы бар қылмысын мойнына алды. Енді дүние мүлкі тәркіленіп 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.