Қостанай қаласын топан су басып қалу қаупі төнді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай қаласын топан су басып қалу қаупі төнді

Қостанай қаласын топан су басып қалу қаупі төнді

Қостанай облысында су астында қалған ауылдардың тұрғындары  үйлеріне оралуда. Дегенмен құтқарушылар төтенше жағдай орнын әлі де тастап кеткен жоқ, өйткені тілсіз жау енді Қостанай қаласына қарай төніп келеді.

  • 14 Тамыз 2013
  • 340
Фото - Caravan.kz


Өзеннің жағалауына бақылау бекеттері қойылған. Тілсіз жау шайып өткен үш аудандағы үйлер мен аулаларға су сору құрылғылары қойылған. Дегенмен, облыстағы Қаратомар су қоймасы ернеуіне жете толған, қазір ағынды су Тобыл өзеніне жіберілуде. Су бөгетінің жарылып кету қаупі төнгендіктен түстен кейін Тобылға жіберіліп жатқан су көлемі екі есеге ұлғайтылған. Соның салдарынан облыстағы ең ірі өзендегі су деңгейі күрт көтеріліп кеткен. Ағынды су кешке таяу Қостанай қаласына жетеді деп жоспарлануда. Санаулы сағатта жергілікті атқамінерлер бір амалын ойлап таппаса, Қостанай қаласының су астында қалу қаупі бар. Құтқарушылар тұрғындарды төтенше жағдайға дайын болуға шақыруда. Естеріңізге салсақ, Ресеймен шекаралас Қостанай облысының үш ауданы өткен жұма күні су астында қалған еді. 300-ден астам адам/ қауіпсіз жерге көшірілген. Алдын ала мәлімет бойынша, су тасқынының салдарынан 48 үй  тұруға жарамсыз боп қалған.