ҚХР СІМ басшысы ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР СІМ басшысы ресми сапармен Қазақстанға келеді

ҚХР СІМ басшысы ресми сапармен Қазақстанға келеді

Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И ҚР СІМ басшысы Ерлан Ыдырысовтың шақыруымен 19-20 тамыз күндері аралығында ресми сапармен Қазақстанда болады.

  • 16 Тамыз 2013
  • 424
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Қытайдың сыртқы саясат ведомствосының сайтында хабарланды.

ҚазАқпарат тілшісіне ҚХР СІМ-нен мәлім еткендей, Қытай сыртқы саясат ведомствосының жаңа басшысы сапарының мақсаты қыркүйек айының алғашқы жартысына жоспарланған ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарына дайындық болып табылады.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, қыркүйек айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай Халық Республикасының жаңа басшысы ретінде орталықазиялық турне жасайтын болады.

Ван Идің айтуынша, оның Орталық Азияға сапарының басты мақсаты — Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан елдеріне алдағы мемлекеттік сапарларына дайындық.

Қытай министрінің сөзіне қарағандай, Си Цзиньпиннің орталықазиялық өңірге сапары «расында да тарихи» болады және Қытайдың Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетін болады.