Zara брендінің негізін қалаушылардың бірі инсульттан кейін көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Zara брендінің негізін қалаушылардың бірі инсульттан кейін көз жұмды

Әлемге әйгілі Zara киімдер брендінің негізін қалаушылардың бірі, әрі Испаниядағы ең бай әйел Розалия Мера 69 жасында инсульттен кейін көз жұмды, деп бүгін америкалық " Форбс" журналы мәлімдеді.
           Р.Мера Испанияның Менорка аралында қызы Сандрамен бірге демалып жүрген. 14 тамызда ол инсульт алып,  бір күннен кейін қайтыс болды.
           Р.Мера 1944 жылы туған. Ол 11 жасында мектепті тастап, тігінші болып жұмыс істей бастаған. Ол өз бизнесін күйеуі Амансио Ортегомен бірге бастаған. Олар бірге үйде киім тіккен. Кейіннен олар тіккен киімдер "Zara" брендімен таныла бастады.
           "Форбс" мәліметі бойынша, Р.Мераның байлығы 6,7 млрд. $ құрайды.

  • 16 Тамыз 2013
  • 546
Фото - Caravan.kz