Павлодар қаржы полициясы параға алуға қатысты екі іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар қаржы полициясы параға алуға қатысты екі іс қозғады

Павлодар қаржы полициясы параға алуға қатысты екі іс қозғады

Ақсу қаласының Жолқұдық селолық округі әкіміне қарсы пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Павлодар облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметі.

  • 16 Тамыз 2013
  • 370
Фото - Caravan.kz

Округ басшысы Жолқұдық ауылында азаматтан жеке тұрғын үй салуға және қосалқы шаруашылығын жүргізуге жер учаскесін беру үшін 50 мың теңге алған.

Ақсу қалалық соты айыпталушыны тұтқындауға санкция берді, қылмыстық іс тергелуде.

Пара алу фактісі бойынша екінші іс дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған кадет мектеп-интернатының директорына қарсы қозғалды. Ол бір азаматтан баласын оқуға түсіру үшін 300 мың теңге пара алу кезінде ұсталды.

Лауазымды адамға қатысты сот өндірісіне дейінгі оңайлатылған тәртіп қолданылды, 30 шілдеде қылмыстық іс сотқа жіберілді.