Анықтап қараса, арыстан дегені күшік болып шыққан. Сөйтсе, бақ қызметкерлері иттің жүнін ыңғайлап қырқып, түсін арыстанға ұқсатып бояп қойған екен. Айтуларынша, қапастың «иесі» уақытша басқа торға ауыстырылған көрінеді. Ал аң патшасының орны бос тұрмасын деген қытайлықтар оның орнына арыстан кейпіне енгізілген тибеттік төбетті қоя салған.