Әкімге қолындағы гитараны мектеп оқушылары сыйлапты. Жеткіншектер осылайша білім ошақтарында салынған жаңа спорт алаңқайы үшін шенеунікке алғыстарын білдірмекші болған. Балалар Ізмұхамбетов мырза гитарада ойнауды жақсы көретінін білгендіктен осындай тарту жасады ма ол жағы белгісіз. Бірақ таспадан алты шекті аспапты шерту облыс басшысына ұнайтыны көрініп тұр. Ғаламторға шыққан бұл бейнежазбаны бір күнде мың жарым адам тамашалапты.