Елдің оңтүстігінде тағы бір шекара заставасы пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің оңтүстігінде тағы бір шекара заставасы пайда болды

Елдің оңтүстігінде тағы бір шекара заставасы пайда болды

Еліміздің оңтүстігінде тағы бір шекара заставасы пайда болды. Қазақ-қырғыз жерін бөліп тұрған бұл аймақты осыған дейін шекарашылар тауда жүріп күзетіп келген еді. Енді жауынгерлерге арналып, жайлы казармалармен қатар монша да салынды.

  • 17 Тамыз 2013
  • 333
Фото - Caravan.kz

Қаскелең шекара жасағы орналасқан бұл аумақ 30 шақырымға созылған. Контрабандашылар да көптеп кездеседі. Жауынгерлер оларды тау арасымен жүріп ұстайтын. Тіпті уақытша жаппада түнеп, тау суын ішкен кездері болыпты. Енді шекарашылардың барлығы дерлік жайлы ғимаратқа көшірілді. Ал отбасымен тұратындарға үй берілді. «Қастек» деп аталған жаңа бекетте иісшіл иттерді үйретуге де жағдай жасалған. 


Зұлмұрат Тұрдақынов, шекарашы:

— Бұрынғы заставамыз палаткада болатын. Қазіргі заставамыз үй, жылы жер. Ыстық су, суық су. Монша деген сияқты. Жақсы қазір.