Осылайша қаржы полицейлеріне қарсылық білдірген Бауыржан Сералиновтың кеуде қалтасынан 50 мың теңге тәркіленді. Бұл ақшаны жемқор шенеунік үй құрылысына жер телімін бөлуді өтінген тұрғыннан талап еткен. 50 жастағы Бауыржан Сералинов осы қызметіне тағайындалғанына жарты жыл ғана болыпты. Ол жуырда Жолқұдық ауылында өткен сайлауда өз кандидатурасын ұсына алмағаны былай тұрсын, енді 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.