Педофил елімізде сұлулық сайысын ұйымдастырып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Педофил елімізде сұлулық сайысын ұйымдастырып жүр

Педофил елімізде сұлулық сайысын ұйымдастырып жүр

Педофил елімізде арулар сайысын ұйымдастырып жүр. Орал мен Қостанай қалаларында балалар арасында сұлулық байқауын өткізген режиссер бұрын педофилия үшін сотталған боп шықты. Дмитрий Еретенко 2006 жылы Ресейде балалар порнографиясын таратқаны үшін 5 жарым жылға бас бостандығынан айырылған екен.

  • 17 Тамыз 2013
  • 398
Фото - Caravan.kz

— За сводничество.

— Цель какая была?

— Секс.

Еретенко, ол кезде Петраковский деген фамилиямен жүрген жеңгетай болған. Тіпті балалар порнографиясын түсірумен айналысатын азаматтың ұсталғанын ресейлік арналардың бірі көрсетті. Ол Нижний Новгород қаласында өзінің «Элита Мода» атты модельдік агенттігінде балалар мен жасөспірімдерді жалаңаш суретке түсіріп, оны қымбатқа сатып отырған. Тіпті суреттегі балғындармен жыныстық қатынасқа түскісі келетіндермен келіссөздер жүргізген. Сөйтіп Мәскеуден табылған клиенттерге кәмелеттік жасқа толмаған екі қызды көрсетуге апара жатқанында қолға түсті. Жазасын өтеп шыққан соң, Еретенко туған қаласы Оралға келіп, модель бизнесімен қайта айналыса бастады. Педофилия үшін сотты болған азамттың өзі түрмеден түзеліп шыққанын айтады. Өскемен, Қостанай, Орал қалаларынан кейін балалар арасындағы сұлулық байқауын енді Павлодар қаласында өткізбекші екен.


Дмитрий Еретенко, сұлулық байқауының режиссері (телефон арқылы):

— Мен ешқандай заңды бұзған жоқпын. Бәріне байқау ұнады. Ата-аналар менің бұрынғы тағдырымды біле тұра, балаларының байқуға қатысуына қарсы болған жоқ.