"Қазпочта" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры төрағасының орынбасары Елена Бахмутова сайланды, делінген Ұлттық банктің мемлекеттік қаржылық қадағалау комитетінің хабарламасында.
Бұл шешімді компанияның жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының басқармасы қабылдады. Ұлттық банктің мемлекеттік қаржылық қадағалау комитеті бұл шешімге 15-тамызда келіскен.
Қазпочта директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі — 2 жыл (2015 жылдың 7-тамызына дейін).
Е.Бахмутова "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры төрағасының орынбасары қызметін 2012 жылдың қаңтар айынан бері атқаруда.
"Қазпочта" – Қазақстан аумағында почталық және қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын почталық байланыстың ұлттық операторы.