«Платформа самбо -70» дәстүрлі додада «Алаш Прайдтың» қос батыры қарсыластарын айқын ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Платформа самбо -70»  дәстүрлі додада «Алаш Прайдтың» қос батыры  қарсыластарын айқын ұтты

«Платформа самбо -70» дәстүрлі додада «Алаш Прайдтың» қос батыры қарсыластарын айқын ұтты

Алматыда әйелдер құрамалары арасында волейболдан Әлемдік Гран-Придің үшінші туры  мәресіне жетті. Төрт елдің   волейболшылары бас қосқан жарыстың  соңғы күні жерлестеріміз Бразилиямен күш байқасып көреді.

  • 20 Тамыз 2013
  • 327
Фото - Caravan.kz

Өкінішке орай  Александр Гутордың шәкірттері үш кездесудің бәрінде жеңіліс тапты. Алдымен 0:3 есебімен Голландияға жол берген жерлестеріміз ертеңіне Кубадан ұтылды.  Мұндағы  есеп 1:3.  Соңғы турда  атақ-даңқы  жер жарған  Бразилияға  жол бердік. Үш партиямен аяқталған  ойынның нәтижесі 17:25, 16:25 және 10: 25. Осы күні голландиялық волейболшылар 3:0 есебімен Куба құрамасынан басым түсті. 

 

 

 

2014 жылғы қысқы олимпиадалық ойындар астанасы Сочиде аралас жекпе-жектен  жарыс өтті. «Платформа самбо -70»  аталатын дәстүрлі додаға жолы түскен «Алаш Прайдтың» қос батыры  қарсыластарын айқын ұтты.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ  сынаған жерлесіміз Арман Оспановқа ресейлік жампоз Алексей Полпудников қарсы тұрды. Осы күнге дейін жеңілістің ащы дәмін татпған қос мықтының жекпе-жегі көпке созылған жоқ. Ресейдің мықтысын бірінші раундта ұрып жыққан алаштың айбынды жігіті мәртебемізді бір көтеріп тастады. Ресейлік Евгений Ерохинмен  кездескен «Алаш Прайдтың» аса ауыр салмақтағы үміті  Мұрат Хантөреев те ерледі. Арманның жолын қайталған Мұрат та қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді. Жеңімпаздары осы кештің мәртебелі қонақтары Қазақстан елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин  марапаттады.   

 

 

 

Қазақ жанкүйерлері  Қарағандының «Шахтері» мен  Шотландияның «Селтигі» арасындағы тарихи матчты асыға күтіп жүргені айдан анық. Еуропа чемпиондар лигасы аясындағы төртінші раундтың алғашқы бәсекесі ертең Астана төрінде өтеді. Жауапты матч алдында қарағандылық футболшылар  сырт алаңда  «Астана» клубын жер қаратып кетті. Есеп 1:2.

Белді футболшыларына демалыс берген «Шахтер» соған қармастан «Астана Аренада» жеңіске жетті. Үш мыңдай көрермен тамашалаған кездесудің 50-ші  минутында Роман Мұртазаев есеп ашты. Көп ұзамай ойын тәртібі бұзылғанын анықтаған төреші қонақтардың қақпасына он бір метрлік айып добын белгіледі.  Бірақ  «Шахтердің» қақпашысы Станислав Покатилов, Фокси Кетевоама тепкен допқа тосқауыл бола алды.  Кезекті шабуылдың бірінде өз мүмкіндігін бос жібермеген  Андрей Финонченко бүгінгі бәсекеге нүкте қойды.  

 


 

 

Осы күні өткен қалған кездесулердің нәтижесі мынадай: «Астана» — «Шахтер» 1:2, «Ордабасы» — «Ақтөбе» 2:1, «Тобыл»- «Жетісу» 2:0, «Восток» — «Тараз» 1:1, ал «Атырау» мен «Ақжайық» арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталды.

 

 

 

Мәскеуде жеңіл атлетикадан әлемнің 14-ші  чемпионаты жалауын түсірді. Бірден айтайық әлемдік додаға үкілеп қосқан 17 атлетіміз Ресей астанасынан бос қайтты. Есесіне желмен жарысқан жамайкалық желаяқтардың өнері  спорттық форумға сән берді.

Жарыстың соңғы күні  «Лужники» стадионында ине шаншар орын қалмады. 

Төртеуден  100 метрге жарысқан ерлер эстафетасында әйгілі Усэин Болт бастаған жамайкалық жігіттер өзгелерді шаң қаптырды.  Олардың нәтижесі 37, 36 секундты құрады.  Мәскеуде үш рет топ жарған  планетамыздың нөмірі бірінші желаяғы, осымен дүниежүзінің сегіз дүркін чемпионы атанды.  Америкалық атлеттер екінші орынды місе қылса, Ұлыбритания есебінде қола жүлде.  Әйелдер эсафетасында да Жамайка құрамасы үздік шықты. Рассел, Стюарт, Калвеэрт және Фрэйзер -Прайс  төрттігі спринтерлік дистанцияны  41,29 секундта жүгіріп өтті. Күміс жүлде фрнацуз қыздарына бұйырса, АҚШ атлеттері қола жүлдеге ие болды.