Алматылық жастар АҚШ консулдығы алдында флешмоб ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық жастар АҚШ консулдығы алдында флешмоб ұйымдастырды

Алматылық жастар АҚШ консулдығы алдында флешмоб ұйымдастырды

Америкада құрықталған қос қазақ Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжияқовқа отандық жастар демеу болмақ. Бостондағы жарылыстан кейін қамауға алынған олар қазір сот алдында жауап беруде. Ал белсенді жастар тобы арада 4 ай өткенде мұхиттың арғы бетіндегі елге үндеу жасап отыр.

  • 20 Тамыз 2013
  • 317
Фото - Caravan.kz


АҚШ консулдығының алдына келген бір топ жас Азамат Тәжияқов пен Диас Қадырбаев айғақтарды әдейі жойған жоқ деген жорамалдарын айтты. Арнайы үндеу хат та дайындап әкелген. Бас консулға түсінікті болсын деп ғимарат алдындағы тас жолға “Олар кінәлі емес” деп жазу да жазды. Бірақ консулдық ішінен жазуды оқи қоятын жан шыққан жоқ. Есік алдында жарты сағаттай бөгелген жастар ақыры үндеу хаттарын күзетшілерге қалдырып тарқасты. Айта кетейік, Бостондағы лаңкестікке айыпты деп танылған ағайынды Царнаевтардың сөмкесін жасырды деп айыпталған Азамат пен Диас қазір қамауда. Айыптары дәлелденсе 25 жылдан арқалауы мүмкін. Алғашқы сот отырысы 13 тамызда өткен, келесісі 26 қыркүйекке белгіленді.