Сот шешімімен борышкерлерден тәркіленген көліктерді айыптұрағына жеткізуге қажет деп қомақты соманы өз есебіне аударып келген. Мұнымен қоймай, Күзембаев мүлікті сотсыз-ақ аресттан шығарумен де айналысқан. Осы «қызметі үшін» көмек сұраған бір кәсіпкерден 150 мың теңге алыпты. Қазір облыстың бас сот орындаушысы уақытша қамау абақтысында. Осы лауазымда 1 жыл ғана отырса да, былығы бастан асады дейді қаржы полицейлері. Құзырлы орындар оның қызметтестерін де тергеп жатыр.