Психдиспансердегі орын жетіспеушілігінен ақыл есі кем балалар ересектермен қатар тұруға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психдиспансердегі орын жетіспеушілігінен ақыл есі кем балалар ересектермен қатар тұруға мәжбүр

Психдиспансердегі орын жетіспеушілігінен ақыл есі кем балалар ересектермен қатар тұруға мәжбүр

Қызылордада ақыл есі кем балаларға арналған интернат үйінде жүйке ауруына шалдыққан ересектер де тұрып жатыр. Мекеме басшысы мұның заңсыз екенін білгенімен, мүгедектерді қайда жіберерін білмей дал. Себебі, облыстағы жалғыз диспансер науқастарға толы. Ал 5 жыл бұрын құрылысы басталған жаңасын мердігер компания аяқтамай тастап кеткен.

  • 20 Тамыз 2013
  • 477
Фото - Caravan.kz

Мына қыз-жігіттер кәмілет жасқа толған соң бұл мекемеден кетулері тиіс. Бірақ жастары жиырмадан асқан олардың баратын жерлері жоқ. Тумысынан жүйке ауруына шалдыққан олардан ата-аналары сәби кезінде-ақ бас тартқан. Көбі 3 жастан бастап осында тәрбиеленіп, тіпті қазір басқа жерге кеткілері келмейді.

Сұлтан Османов, Бірінші топтағы мүгедек:

— Барғым келмейді. Осы жаққа бауыр басып қалғанмын ғой.

Ал елуге жуық ересек науқастардың мүгедек балалармен бір шаңырақта тұрып жатқаны заңсыз екенін интернат басшылығы жақсы біледі. Бірақ оларды орналастыратын жер болмағандықтан шарасыздық танытып отырмыз дейді.

Бекболат Абылаев, Қызылорда облысындағы Балаларға арналған психоневрологиялық интернат үйінің директоры:

— Балалар интернат үйінде 3 жасынан 18  жасына дейін балалар тәрбиеленуі тиіс. Бірақ мына үшінші ғимараттың пайдалануына берілмеуіне байланысты қазір бізде 51 бала жасы 18-ден асқан тәрбиеленуде.

Ал өңірдегі ересектерге арналған жалғыз психдиспансерге науқастарды сыйдыра алмаған шенеуніктер 2008 жылы жаңа ғимарат салуға тапсырыс берген. Тендерді жеңіп алған «МИГ 21» компаниясына үш бірдей интернаттың құрлысы үшін бір жарым миллиард теңге бөлініпті.

Жүйке ауруына шалдыққандарға арналған интернаттың мына құрылысы осыдан үш жыл бұрын аяқталуы тиіс болатын. Тендерді ұтып алған «Миг 21» серіктестігі болса соңғы кездері қарасын көрсетпей кеткен. Ал қазір құрылыс жүріп жатқаны байқалмайды. Нысанда тек күзетшіден басқа ешкім жоқ.


Облыс басшылары бірнеше жылға созылған «сақалды құрылыстардан» шаршап біттік деп отыр. Психдиспансер ғимаратын аяқтамай кеткен мердігер компанияны енді сот арқылы мәжбүрлеп жұмыс істетпекші.

Нұржан Әлібаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:

— Соттың шешімі шықты. Соттың шешімі ішінде бірінші жоқсыз деп тауып, екіншіден ол объектіні бітіру керек міндетті түрде.

Қызылорда облысы бойынша жыл басында құрылысы тұралап қалған әлеуметтік нысандар саны 33 болған. Осыған байланысты жарты жыл бұрын тағайындалған жаңа әкім қызметіне салғырт қарағандарын шетінен қуыпты. Қазірдің өзінде облыстың бас құрылысшысының орны екі айдан бері бос тұр.