Алданған отандастарымыздың саны әуел баста 12 адам болған екен. Отандық әуекомпаниясының көмегі арқылы екі ерлі зайыпты қарт кісілер мен олардың кішкентай немересі Астанаға жеткізілген. Ал, қалған 9 адам 21-ші тамызға дейін өз қаржыларына Анталияның қонақ үйлерінің біріне орналасыпты. Қазір бұл іске қатысты қаржы полициясы тексеру жұмыстарын бастап кетті. Осынша адамды сан соқтырған бұл бірінші рет орын алып отырған жағдай емес. Шығынға батқан түрік әуе компаниясының кесірінен жүздеген адам елге қайта алмай, мемлекетке 1 млн. доллар шығын келтірген болатын.
Роза Асанбаева, Қазақстан туристік қауымдастығының президенті:
— Бұл сұмдық енді! Біздің отандық туризм саласында мен мұндайды бірінші рет көруім. 3 тәулікке 50 доллар деген масқара ғой, ол ақшаға олар қалай күн көреді? Адамдар қаншама ақшаларын шығындап, 5 жұлдызды қонақ үйде дем алып қайтамыз деп жосапрлап кетті ол жаққа.