Нәтижесінде 31-33 жас аралығындағы үшеуі оқиға орнында мерт болды, 29 жастағы тағы біреуі ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамдағы 18 адамы, ҚР ТЖМ «Жедел құтқару жасағы» ММ 1 техникасы мен 4 адамы, ҚР ТЖМ «Кәсіби әскери апаттық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» РМҚК 4 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ «АМО» ММ 1 техникасы мен 3 адамы жұмылдырылды.