Ақтөбеде жергілікті футбол клубының Еуролига аясындағы кезекті ойыны алдында шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жергілікті футбол клубының Еуролига аясындағы кезекті ойыны алдында шу шықты

Ақтөбеде жергілікті футбол клубының Еуролига аясындағы кезекті ойыны алдында шу шықты

Ақтөбеде жергілікті футбол клубының Еуролига аясындағы кезекті ойыны алдында тағы да шу шықты. Бұл жолы сатылымға қойылған бойда билеттер бір сағатқа жетпей бітіп қалған. Бірақ жанкүйерлер стадион басшылары билеттерді делдалдарға алдын ала үлестіріп берді деп айыптап отыр.Жалпы түні бойы кезекке тұрғандар саны 30 мың адамға жетіпті.

  • 21 Тамыз 2013
  • 260
Фото - Caravan.kz


Жалғас Әубәкіров, жанкүйер:

— Қайда кетті? Сол  Баке, Сакелер алып кетті. Қазір соны сатып та жатыр.

Естеріңізге сала кетелік, өткен жолы Ақтөбе командасы мен исландиялықтардың ойнына билет алмақ болған жанкүйерлер кассаның төбесіне дейін шығып кеткен-ді. Тіпті, тәртіпке шақырмақ болған испекторларды да жанши жаздаған. Сол оқиғадан кейін стадион басшылары касса санын көбейтуді ұйғарды. Бұл жолы билеттің тез өтіп кетуін сатылым орындарының артуымен байланыстырып отыр. Айта кетейік, Еуропа Лигасы аясындағы «Ақтөбе» мен Киевтің «Динамо»-сы арасындағы ойын 22-ші тамызда өтеді.