Декан өзіне травматикалық тапаншадан оқ атқан студентке кешірім берді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Декан өзіне травматикалық тапаншадан оқ атқан студентке кешірім берді

Қарағандыда Медицина университетінің деканына оқ атқан студентке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
           Зардап шегушінің өтініші бойынша айыпталушыны изолятордан босату туралы шешім шығарылды, деп сәрсенбі күні студенттің қорғаушысы Нұржан Шолақов мәлім етті.
           Соған қарамастан, студент қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлға болып саналады.
           «Яғни, ол кінәсіздігі дәлелденгеннен кейін емес, зардап шегушімен келісімге келуіне байланысты қамақтан босатылып отыр», - деп түсіндірді адвокат.
           Бұрын хабарланғандай, 2011 жылдың желтоқсан айында факультет әкімшілігі аталған студентті лекцияға кіргізбейді. Декан оның жатақханада төбелес шығарғаны үшін оқудан қуылғанын хабарлаған. 19 жастағы студент  оған травматикалық тапаншадан оқ атқан. Полиция аталған факті бойынша іс қозғады. Ал бір жылдан астам уақыт бойы бой тасалаған студент ақыр аяғында полицияға өзі келіп, айыбын мойындапты.

  • 21 Тамыз 2013
  • 370
Фото - Caravan.kz

Қарағандыда Медицина университетінің деканына оқ атқан студентке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

           Зардап шегушінің өтініші бойынша айыпталушыны изолятордан босату туралы шешім шығарылды, деп сәрсенбі күні студенттің қорғаушысы Нұржан Шолақов мәлім етті.
           Соған қарамастан, студент қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлға болып саналады.
           «Яғни, ол кінәсіздігі дәлелденгеннен кейін емес, зардап шегушімен келісімге келуіне байланысты қамақтан босатылып отыр», — деп түсіндірді адвокат.