Алматы әкіміне мектептерде тамыр-таныстықтың қанат жайып отырғандығы жайлы көптеген арыз түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкіміне мектептерде тамыр-таныстықтың қанат жайып отырғандығы жайлы көптеген арыз түсуде

Алматы әкімі Ахметжан Есімов жалпы білім беретін мекемелерден тамыр-таныстық фактілері туралы көптеген арыз алады екен.
           "Менің сайтыма келіп түсіп жатқан ақпаратқа қарағанда, кейбір мектеп директорлары өз міндеттерін отбасылық бизнеспен шатастырып алған көрінеді. Тәжірибелі ұстаздарды жұмыстан шығарып, орындарына туысқандары мен таныстарын алады", деді ол Алматыда сәрсенбіде білім беру саласы қызметкерлерінің жиналысында.
           "Ата-аналар қорына жарна төлеу ерікті болса да, кейбір жерлерде міндетке айналған. Біз мектеп түлегінің, демеушінің мектепке қолдау жасағандығына еш қарсы емеспіз, бірақ ерекше атап өткім келеді, ол ерікті негіздегі шаруа.
           Және міндетті түрде ақшаның жұмсалуы туралы ата-аналардың алдында есеп берілуі шарт", деді ол.
           Сондай-ақ ұстаз жалақысы, "Жылдың үздік ұстазы" сыйақысының лауреаттарын марапаттау бағдарламасын кеңейту мәселелері талқыланды.
           "Менің ойымша, ол бағдарламаны жаңалау керек, көбірек ұстазды қамту керек. Мен орынбасарыма жыл сайын 1000 мұғалімге ынталандыру мақсатында 50 пайыз үстеме ақша қосу үшін 650 млн теңге көздеуді тапсырдым", деді ол.
           Әкімнің ақпаратына қарағанда, 2013 жылы білім береу саласына 57 млрд теңге бөлінген, бұл қаланың жалпы бюджетінің 20% құрап отыр.

  • 21 Тамыз 2013
  • 452
Фото - Caravan.kz