Б.Байбек тарихи тәрбиені күшейтуге қатысты партияның ұсыныстарын жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Байбек тарихи тәрбиені күшейтуге қатысты партияның ұсыныстарын жария етті

Б.Байбек тарихи тәрбиені күшейтуге қатысты партияның ұсыныстарын жария етті

Бүгін Астанада өткен «Қазақстан жастарын патриоттық рухта тәрбиелеудегі ұлттық тарихтың рөлі» тақырыбындағы «дөңгелек үстелде» «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек елімізде тарихи тәрбиені беруге қатысты партияның негізгі ұсыныстарын жария етті.

  • 21 Тамыз 2013
  • 405
Фото - Caravan.kz


Оның айтуынша, бүгінде балаларға арналған ертегілерді көбейту керек. Оның барлығы түсінікті тілде жазылуы шарт. Ал жастарға тарихи тәрбие беру ісінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күшейткен жөн. «Осы орайда еліміздің терең тарихын баяндайтын деректі фильмдер мен ақпараттық-танымдық хабарлардың санын арттыру қажет. Балалар мен жасөспірімдерге арналған тарихи-көркемдік мультфильмдер де патриоттық сезімді оятудың тиімді құралы бола алады. Мәселен, «Жаужүрек мың бала» фильмі көпшіліктің туған жердің тарихына деген қызығушылығын арттырды. Басқа мемлекеттердің сериалдары ұлт рухын көтеріп қана қоймай, ол халықты өзгелерге таныстырады. Бізге де осы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек. Сонда й-ақ тарихи тәрбие беру жұмысын ғаламтор арқылы үздіксіз жүргізіп отыру қажет», — дейді Б.Байбек.