«Ақтөбе» ертең өз алаңында Киевтің «Динамосын» қабылдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақтөбе» ертең  өз алаңында  Киевтің «Динамосын» қабылдайды

«Ақтөбе» ертең өз алаңында Киевтің «Динамосын» қабылдайды

Шотландияның серкесі «Селтиктен» сескенбеген Қарағандының «Шахтері»  үлкен жеңістерден сусап жүрген спорт сүйер қауымды бір желпінтіп тастады. Олардың  «Астана Аренадағы»  кешегі тарихи жеңісі, «Ақтөбеге» де жұғысты болғай дейміз. 

  • 22 Тамыз 2013
  • 295
Фото - Caravan.kz

Еуро  Лигадағы үмітіміз  «Ақтөбе» , ертең  өз алаңында  Киевтің «Динамосын» қабылдайды. Бұл  екі клуб арасындағы төртінші раундтың алғашқы  ойыны .21 футболшыдан жасақталған «Динамо»  бүгін   чартерлік рейспен Қазақстанға ұшып келді. Жарақаттарынан  айыға қоймаған  Евгений Селин , Данило Силва, Нико Кранчар және Денис Гармаш Ақтөбедегі бәсекені  көгілдір экраннан тамашалайтын болады. Дәстүрлі баспасөз-мәслихатынан кейін  Олег Блохин мен  командасы   орталық стадионда  матч алдындағы соңғы  жаттығуларын өткізеді.

 

 

Бұрын Кубадан боксшылар қашатын болса, енді кезек жеңіл атлеттерге келген сияқты. Мәскеуде аяқталған әлем чемпионатынан кейін Куба делегациясы,  белгілі желаяқ Орландо Ортеганың орнын сипап қалыпты.

Бұл  ақпаратты   Куба жеңіл атлетика федерациясының арнайы сайты хабарлап отыр. Елін тастап қашқан  атлеттің бұл қадамын  Куба  федерациясы әбден сынға алған. 110 метрлік  қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден Лондон олимпидасында  үздік сегіздің қатарына іліккен  Ортега , Мәскеуде ұзаққа шаба алған жоқ.  Бостандық аралының өкілі Лужники төрінде  алғашқы іріктеу кезеңінен кейін жарысты тоқтатуға мәжбүр болды.   

 


 

Аса ауыр салмақ бойынша кәсіпқой бокстың үш версиясынан әлем чемпионы украйналық саңлақ Владимир Кличко, ресейлік қарсыласы Александр Поветкинді ұрып-жығам деп отыр. «Авторадиоға» берген сұхбатында әйгілі боксшы осылай деп жар салған.

Естеріңізге сала кетейік бокс сүйер қауым асыға күтіп жүрген қос мықты арасындағы матч 5- қазан күні Мәскеуде өтеді. Шаршы алаңда 63 кездесу өткізіп оның тек үшеуінде жеңілген  Владимир Кличко, шын мәнінде кәсіпқой бокс әлемінде дәурені жүріп тұрған майталман.  Оның жиған терген атағына көз салып отырған үміткер Александр Поветкиннің де көрсеткіші керемет.  Кәсіпқой боксқа ден қойған тұстан бері 26 жекпе-жек өткізген ресейлік  шебер оның бәрінде жеңіске жеткен. Бұл матч  жылдың басты спорттық оқиғасына айналары сөзсіз.