Франция соты ертең М.Әблязовқа қатысты алғашқы сот отырысын өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция соты ертең М.Әблязовқа қатысты алғашқы сот отырысын өткізеді

Франция соты ертең М.Әблязовқа қатысты алғашқы сот отырысын өткізеді

Ертең Францияда Мұхтар Әблязовқа қатысты алғашқы сот отырысы өтеді. Қашқын банкирдің адвокаттары оны кепіл ақша төлеп, түрмеден босатуды  сұрамақ. Тіпті Әблязовтың өзі қолына электронды браслет киюге де келіскен.

  • 22 Тамыз 2013
  • 348
Фото - Caravan.kz

Айта өтейік, «БТА Банктің» экс-төрағасы 31-ші шілде күні Францияның оңтүстігіндегі өз вилласында қамауға алынған болатын. Миллардтаған долларды жымқырды деп айыпталған Әблязовты экстрадициялауды қазір Қазақстаннан басқа Украина мен Ресей тарапы да сұрап отыр. Банкирдің өзін қайтару әзірге мүмкін болмағанымен, оның сыбайластарының алды елге экстрадицяланбақ. Олар «БТА Банкінде» лауазымды қызметтер атқарған Вероника Ефимов мен Зәуре Жүнісова. Салымшылар ақшасын жымқырды деп айыпталған бұл екеуі Әблязов қылмыстық тобының белсенді мүшелері ретінде аталуда.


Мұрат Жұманбай ҚР Қаржы полициясының ресми өкілі:

— Ворика Ефимова Мұхтар Әбләзов басқарған қылмыстық топтың басты ұйымдастырушыларының бірі болған. Ол 2005-2009 жылдары Әбләзовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының бақылауындағы компанияларға несиелерді рәсімдеу арқылы Банкінің ақшалай қаражатын ұрлау үшін айырықша уәкілеттіктерге ие болған.