Жылжымалы гемодиализ орталығы Алматы қаласы бойынша бүйрек ауруына шалдыққан әр науқасқа қол ұшын беріп, енді Талдықорған өңіріне жетті. Бұнда заманауи технолигияның көмегіне 250 адам мұқтаж екен. Яғни, бүйрегі дұрыс жұмыс істемей қаны сұйылып кеткендер.
Еркебұлан Кәрібаев, дәрігер-нефролог:
— Бұл орайда науқастарға бүйрек жетіспеушілігін емдеу үшін және бүйрек қызметін алмастыру үшін шара қажет. Соны емдеу тәсілінің бір түрі – гемодиализ.
Гемодиализ — ағзаны жасанды түрде жаңарту. Яғни, мына аппаратттың көмегімен науқастың қаны тазартылып, өзіне қайта құйылады. Ем қабылдау уақыты 4 сағат және күнара жасалуы тиіс. Ал бұл Талдықорған қаласының мамандарына біраз қиындық туғызған. Сондықтан өңірге сәуір айында ғана лентасы кесілген жылжымалы гемодиализ орталығын арнайы шақыртыпты.
Замира Сембенова, Облыстық аурухананың гемодиализ бөлімінің меңгерушісі:
— Күнбе-күн осы науқасқа шалдыққан адамдардың науқастардың саны көбейіп жатыр. Сондықтан біз мына фондқа хат жолдап, көмек көрсетуін өтіндік. Міне үш күн болды жұмыс істеп жатырмыз көмек ретінде.
Бүйрек жетіспеушілігіне жиі шалдығатындардың дені қант диабеті мен қан қысымы жоғары адамдар. Мәселен, Нұрбол Ибраимов сырқат екенін осыдан 4 жыл бұрын білген. Содан бері гемодиализ емін қабылдаумен жүр. Өңірге «Асар-Береке» қорының жаңа техникасын да сынап көрді.
Нұрбол Ибраимов:
— Айырмашылығы сезіліп тұр. Мына аппарат бәрін өзі реттейді екен. Сағатын, қысымын бәрін де. Енді осы аппаратқа ма байланысты деп отырмын. Ескі де бәрін қолмен істейтін медбикелер. Мында компьютермен екен бәрі.
Әр сырқаттың бір мәрте ем қабылдауы — 23 800 теңгені құрайды. Ал бұл жолы медициналық көмек тегін көрсетілуде.
Кез-келген науқасқа медициналық көмекті мобилді түрде көрсететін кешен жуырда енді Қарасай ауданына аттанбақ. Ал әзірге Талдықорған қаласының 26 тұрғыны қазан айына дейін күнара ем-дом қабылдаумен болады.