43 жастағы ағылшын тілінің маманы осылайша 4 млн. теңгені қалтаға басқан. Ұстаз бұған дейін де студенттерге жатақханадан орын алып беремін деп ақша алыпты. Ол кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылмай, тек жұмысынан қуылған екен. Алайда, арада бірнеше жыл өтсе де алаяқ студенттерді арбауын әлі де тоқтатпай, тағы 9 баланы сан соқтырып отыр. Күдікті таныс әріптестері арқылы ақысына сессия жабуға, кейбіріне тіпті магистратураға түсірем деп уәде қылған. Енді күдіктінің өзі әлдебіреулерге алдандым деп ақталуда.