31 жастағы жігіт азаматтық некеде бір жыл бірге тұрған әйелін бөтен еркекпен дәмханада отырғанын көріп, ашу шақырыпты. Қосағының қасындағы жігітке шамасы келмесе де, келіншшекті пәтеріне сүйреп әкеліп жанжал шығарған. Айғайдың соңы төбелеске ұласып, өзгемен қылымсыған әйелді жарты сағат бойы тепкілепті. Өліп қалғанын көріп, 28 жастағы келіншегінің киімдерін өртеп, денесін Арыс өзеніне ағызып жіберген. Айта кетерлігі, сүйіктісін өлтіргеннен соң, жігіт түк білмейтіндей болып, осы уақытқа дейін қайынжұртында тұрып келіпті.
— Қолымды да, аяғымды да жұмсадым. Ұрдым-тептім, ұрдым-тептім. Бір 20-25 минут ұрып тепкілеген шығармын.