Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін «Свобода слова» басылымының тілшісі Игорь Ларраға шабуыл жасау фактісін тез әрі дұрыстап тексеруге шақырады.
Ұйым: «Билік орындары Игорь Ларраға қатысты оқиғаны жан-жақты тексеріп, мұның кәсіби қызметіне қатысы бар-жоғын анықтауы тиіс», деп мәлімдейді.
Сонымен қатар, HRW өкілдері билік журналистерге шабуыл жасалған шабуылдарға тиісінше көңіл бөліп, кінәлі кісілерді тауып, жазалауы керек дейді. «Олар мұны И.Ларраға шабуыл жасағандарды іздеуден бастауы тиіс», — делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, 20-тамыз күні Ақтөбеде «Свобода слова» газетінің тілшісі Игорь Ларраны белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен.
Журналист мұны облыс басшыларының жұмысына қатысты сыни материалдармен байланыстырады.