Екі көліктің соғылуынан өрт шығып, 4700 л бензин төгілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі көліктің соғылуынан өрт шығып, 4700 л бензин төгілді

Екі көліктің соғылуынан өрт шығып, 4700 л бензин төгілді

Оңтүстік Қазақстан облысының Шорнақ ауылында бейсенбі күні «ГАЗ-53» пен «Тойота » көліктері соқтығысып қалды. Салдарынан екі көлік те жанып, 4700 литр бензин төгілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

  • 23 Тамыз 2013
  • 364
Фото - Caravan.kz

Өрт жарты сағаттан кейін ауыздықталды. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 12 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Өрттің аумағы 70 шаршы метрді құрады.


Өрттің салдарынан денесін күйік шалған екі жүргізуші мен «Тойота» автокөлігінің жолаушысы ауруханаға жатқызылды.