Кәсіпорындардағы қайғылы оқиғалар: екі адам қаза болды, алтауы ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәсіпорындардағы қайғылы оқиғалар: екі адам қаза болды, алтауы ауруханаға жатқызылды

Кәсіпорындардағы қайғылы оқиғалар: екі адам қаза болды, алтауы ауруханаға жатқызылды

Алматыда жаңадан салынып жатқан нысанда бейсенбі күні құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде «Базис-Люкс» ЖШС ҚМҚ-3 47 жастағы сылақшысы 4-ші қабаттан құлап, оқиға орнында қаза болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

  • 23 Тамыз 2013
  • 593
Фото - Caravan.kz


Ақмола облысының Жолымбет ауылында «Қазақалтын» АҚ «Рудник Жолымбет» филиалының «Центральная» шахтасында 21 тамыз күні кешке бұрғылау кезінде 11 метр биіктіктен құлаған екі үңгіші ауруханаға жатқызылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласында 22 тамыз күні «Барыс-Құрылыс» ЖШС қазу жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ опырылып құлаған. Оның салдарынан 36 жастағы жұмысшы оқиға орнында мерт болды, төрт жұмысшы ауруханаға жеткізілді. ТЖ орнына ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 3 маманы мен 1 техникасы шықты.