Ойынның алғашқы минуттарынан Сидельников (қақпашы), Мулдаров, Бадло (капитан), Арзуманян, Логвиненко, Харабара, Хайруллин, Ковальчук, Кападзе, Давыдов және Гейнрих қатысады.
Өз кезегінде «Динамо» бас жаттықтырушысы Олег Блохин мына футболшыларды ойынға шығарады: Шовковский (қақпашы және капитан), Вида, Драгович, Тремулинас, Хачериди, Вукоевич, Аруна, Ярмоленко, Бельханда, Дуду және Идейе.
Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласының Орталық стадионында өтетін матч Астана уақытымен 19:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде KazSport және "Қазақстан" телеарналары көрсетеді.
Бұған қосарымыз, жауап ойын 29 тамызда Киевте «Олимпийский» Ұлттық спорт кешенінде өтеді. Атап өтерлігі, бұл матч жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді. УЕФА-ның Тәртіптік комитеті осындай шешім қабылдады.