ҚР азаматшасы ұлымен бірге Сирия аумағынан көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР азаматшасы ұлымен бірге Сирия аумағынан көшірілді

ҚР азаматшасы ұлымен бірге Сирия аумағынан көшірілді

Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшілігі мен Ыстамбұлдағы Консулдығы дипломаттарының бірлескен әрекеттері нәтижесінде Сирия Араб Республикасының Хасака провинциясынан кезекті қазақстандық азаматша Вишневская Людмила Витальевна және оның ұлы Таммо Алан Қазақстанға эвакуацияланды.

  • 23 Тамыз 2013
  • 413
Фото - Caravan.kz


Қазақстан дипломаттарының сөзіне қарағанда, азаматшаның Сирияда екі қызы қалған. Людмиланың айтуынша, олар өз еркімен қалғанымен, болашақта оларды Қазақстанға алып кетуге мүдделі. Отандық дипломаттардың болжамынша, қыздардың көшуіне күйеуі Таммо Джабер Хусейн бөгет болып отырған көрінеді. Күйеуінің өзі болса көптен бері Алматыда тұрады. Сириядағы жағдайдың ушығуына қарамастан, белгісіз себептерге байланысты ол отбасының кетуіне қарсы болған. Кетуге жәрдем де жасамаған. Керісінше қорқытып, қалуларын талап еткен. Сондықтан Людмила Сириядан кетуге өзі әрекет жасап, қазақстандық дипломаттардың көмегіне жүгінген.