“Ақтөбе” мен “Динамо” командасының жанкүйерлері төбелесіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ақтөбе” мен “Динамо” командасының  жанкүйерлері төбелесіп қалды

“Ақтөбе” мен “Динамо” командасының жанкүйерлері төбелесіп қалды

Ақтөбелік клуб пен Киевтің "Динамо" командасы жанкүйерлері ойын басталмай жатып-ақ төбелесіп қалды. Украиналық қонақтарды жанкүйерлер стадион маңындағы банк бөлімшелерінің біріне қуып тыққан. Онымен қоймай, ойын аяқталған соң төрелікке разы болмаған ақтөбеліктер «Динамо» командасы мінген автобусты бір сағатқа жуық тоқтатып қойды.

  • 24 Тамыз 2013
  • 348
Фото - Caravan.kz


Жанкүйерлерді сабасына түсіру үшін Ішкі істер бөлімдерінің барлық жасағы тартылды. Жанкүйерлер ғана емес, ойын барысында «Ақтөбе» мен «Динамо» футболшылары да шекісіп қалды. Мұны көріп отырғандар трибунадан алаңға сусындардың бос шөлмектерін лақтырды. Әйтсе де ойын тоқтатылған жоқ. Нәтижесінде «Ақтөбе» Киевтің командасына 2:3 есебімен жол берді. Енді ақтөбеліктер 29-шы тамыз күні «Динамомен» Киевте қарымда мачта кездесетін болады. Былтыр алаңға жүгіріп шыққан украиндықтардың кесірінен ол ойынға жанкүйерлер кіргізілмей, бос стадионда өткенін айта кетейік.