Таразда қоқыс жәшігінен жаңа туылған бөбек табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда қоқыс жәшігінен жаңа туылған бөбек табылды

Таразда қоқыс жәшігінен жаңа туылған бөбек табылды

Таразда жол жиегінен жаңа туылған сәби табылды. Безбүйрек ана дүние есігін жаңа ашқан шақалақты қапқа орап, күл-қоқыстың арасына қалдырып кетіпті. Қапшықтағы түсініксіз заттың қимылын алдымен жергілікті тұрғынның бірі байқаған. Ішін ашып қарағанда, өз-көзіне өзі сенбей, тыр жалаңаш жатқан сәбиді көрген.   

  • 24 Тамыз 2013
  • 397
Фото - Caravan.kz


Ол дереу тәртіп сақшыларына хабар беріп, тастанды бөбек қалалық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Айы-күні жетіліп туылған ұл баланың кіндігі сымтемірмен буылған екен. Өлім мен өмір арасындағы нәрестенің жағдайы дәрігерлер көмегінен кейін бері қараған. Көкек ана да көп ұзамай табылды. Жас келіншек неліктен мұндай қадамға барғанын  түсіндіре алмапты. Оның ата-анасы да қыздарының жүктілігінен хабарсыз боп шыққан. Ал 23 жастағы әйелдің 4 жасқа толған тағы бір баласы бар екен. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.