Өткен оқу жылының соңында осында оқитын 200 баланың әр қайсысынан мектептің жөндеу жұмыстарына деп ақша да жиналған. Жаз бойы ақталып, сырланып, өңі кірген білім ошағын бірінші тамызда жабады дегенді естіген ата-аналар мен оқушылар үшін бұл төбеден жай түскендей болды. Мектептің жабылуы туралы шешімге оның іргесінен ірі кен орны ашылуы себеп болды деп түсіндірді жергілікті әкімдіктегілер. Шәкірттер қала ішіндегі үш мектепке бөлініп, білімдерін жалғастыратын болса, ұстаздар жаңа жұмыс іздеп жүр.
Гүлмира Миязова, мұғалім:
— 1-ші тамызда айтты бізге. Мектеп жабылып жатыр, балалар мектепсіз қалды. Мен жұмыссыз қалдым. Бүгін тамыздың 23-і, әлі жұмысқа баратын жерім жоқ.