Жол-көлік оқиғасы салдарынан 29 жастағы ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі, 20, 18 және 16 жастағы оның жолаушылары, сондай-ақ аты-жөні анықталмаған ер адам, УАЗ автокөлігінің жолаушысы, 50 жастағы әйел адам оқиға орнында көз жұмды; 52 жасар УАЗ-дың жүргізушісі мен оның 18 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
ТЖ орнына ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ЖҚЖ 4 адамы мен 1 техника бірлігі, өрт сөндіру қызметінің 3 маманы мен 1 техника бірлігі жетті.