Шайбалы хоккей: бүгін «Барыс» магнитогорлық «Металлургпен» кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шайбалы хоккей: бүгін «Барыс» магнитогорлық «Металлургпен» кездеседі

Шайбалы хоккей: бүгін «Барыс» магнитогорлық «Металлургпен» кездеседі

Бүгін Ресейдің Магнитогорск қаласында басталатын шайбалы хоккейден Иван Ромазан атындағы мемориалдың 22-ші турнирі аясында Астананың «Барыс» командасы жергілікті «Металлургпен» кездеседі.

  • 26 Тамыз 2013
  • 367
Фото - Caravan.kz

Биылғы турнирге «Барыс» пен «Металлургтан» бөлек «Трактор» (Челябі) және «Югра» (Ханты-Мансийск) қатысуда. Бүгін «Барыстың» хоккейшілері «Металлургпен» кездессе, ертең «Трактор» командасымен күш сынасады. Ал арғы күні «Юграмен» шеберлік байқасып көрмек.


Айта кетейік, «Барыстың» барлық матчтарын «Қазспорт» телеарнасы көрсетеді. Бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады.