«25 тамыз күні 19:15-те Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында «Хонда» мотоциклінің 52 жастағы жүргізушісі «Соқыр» бақылау-өткізу бекеті бағытынан «Гүлдер-2» шағын ауданына қарай бара жатып «7-ші магистраль-Үштөбе ауылы» қиылысында 35 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны басқарып келе жатқан «Тойота Сюрф» көлігіне соғылды. ЖКО салдарынан алған жарақаттардан оқиға орнында мотоцикл жүргізушісі мерт болды», — деп жазылған хабарламада.
Алдын ала нұсқа бойынша, мотоцикл жүргізушісі солға қарай бұрылғанда қарсы келе жатқан көлікке жол бермеген.