«Павлодар - Құланды» бағытындағы жолаушылар пойызына 69 жолаушының билетсіз мінгені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Павлодар - Құланды» бағытындағы жолаушылар пойызына 69 жолаушының билетсіз мінгені анықталды

«Павлодар - Құланды» бағытындағы жолаушылар пойызына 69 жолаушының билетсіз мінгені анықталды

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті теміржол көлігінде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушы компаниялардың жазғы маусымда «Теміржол көлігінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесінің» талаптарын қаншалықты сақтап отырғанына тексеру жүргізуде. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 26 Тамыз 2013
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері «Қала маңына тасымал» АҚ-ның «Павлодар — Құланды» бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында, Қызыләскер — Павлодар учаскесінде 69 жолаушынының пойызға билетсіз отырғанын анықтады.

2013 жылдың 7 айында еліміздің темір жолдарында 1206 (2012 жылдың осы кезеңінде — 573) жолаушылар пойызы тексеріліп, 912 жолаушының (2012 жылы — 556) пойызға билетсіз отырғаны анықталды.

Теміржол көлігінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесін бұзғаны үшін тасымалдаушының қызметкерлеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды.