Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті. Ел билігі бұл жайтты лаңкестерге теліп отыр. Бүгін БҰҰ инспекторлары Four Seasons қонақ үйінен шығып, химиялық қару қолданылды делінген Дамаскіге тақау Гута ауданына тергеу амалдарын жүргізу үшін шықты. Сирия үкіметі кеше БҰҰ эксперттерінің химиялық қару қолданылуы ықтимал ауданға бару кестесін келіскен болатын.