Бұл туралы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Баспасөз қызметінен хабарлады.
Биылғы жылғы ақпан айында Қазақстанда ауылдық жерлердегі бизнестің дамуын қаржыландырумен айналысатын несие серіктестіктерінің басын қосатын жаңа қоғамдық ұйым-«Агроөнеркәсіп кешеніндегі несие серіктестіктері Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылды. Аталған Қауымдастық — коммерциялық емес ұйым, сондықтан ол мемлекеттік және басқа да құрылымдар алдында несие серіктестіктерінің қызығушылығын қорғаумен айналысатын болады. Қауымдастық несие серіктестіктерінің өз қатысушыларына арналған толық қызмет көрсету жүйесі бар жеке қаржылық институт ретіндегі даму стратегиясын жүзеге асырады.
Отандық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында осы шараларға бағытталған Меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа сәйкес, тараптар несие серіктестіктерін бірге дамытумен қатар осы шараларға қажетті ақпараттарды алмасумен де айналысатын болады.
Бүгінде Қауымдастық құрамында 7 214 ауылшаруашылығы тауар өндірушілері бар 124 несие серіктестіктерінің басын біріктіріп отыр. Тағы 42 несие серіктесігі қазірде Қауымдастыққа мүше болу үшін құжаттарын әзірлеп жатыр. Қауымдастықтын негізгі мақсаты — бұл ауылдық жерлердегі кәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мен оның инфрақұрылымын жетілдіру болып табылады.