Қазақстанда біліктілігін арттыру курстарынан өткен 12 мың мұғалім жалақыларына үстеме ақша алатын болады, деп хабарлады білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов.
"Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі толықтай енгізілуде, оның алғашқы нәтижелерін де көріп отырмыз: биыл сертификат алған 12 мың мұғалім жалақыларына 30-100 пайыз көлемінде үстеме ақша алатын болады", деді ол дүйсенбіде президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің хабарлауынша, бес жыл ішінде 120 мың мұғалім, яғни елдің бүкіл мұғалімдерінің жартысы біліктілікті арттыру курсынан өтпек, онда басты назар ұстаздың пән бойынша білімін арттыруға ғана емес, ұстаздың хабардарлығын жеті модульге бөлуге аударылған, олардың әрқайсысын сертификаттау көзделген", деді ол.
"Алдағы жылы біз мектеп директорлары үшін де сондай курс өткізбекпіз, іс жүзінде бұл орта білім үшін жаңа буындағы менеджерлерді құраушы жаңа механизм болмақ", деді ол.Қазақстанда біліктілігін арттыру курстарынан өткен 12 мың мұғалім жалақыларына үстеме ақша алатын болады, деп хабарлады білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов.
"Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі толықтай енгізілуде, оның алғашқы нәтижелерін де көріп отырмыз: биыл сертификат алған 12 мың мұғалім жалақыларына 30-100 пайыз көлемінде үстеме ақша алатын болады", деді ол дүйсенбіде президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің хабарлауынша, бес жыл ішінде 120 мың мұғалім, яғни елдің бүкіл мұғалімдерінің жартысы біліктілікті арттыру курсынан өтпек, онда басты назар ұстаздың пән бойынша білімін арттыруға ғана емес, ұстаздың хабардарлығын жеті модульге бөлуге аударылған, олардың әрқайсысын сертификаттау көзделген", деді ол.
"Алдағы жылы біз мектеп директорлары үшін де сондай курс өткізбекпіз, іс жүзінде бұл орта білім үшін жаңа буындағы менеджерлерді құраушы жаңа механизм болмақ", деді ол.