Шымкентте 22 жастағы жігіт ата-анасын балталап өлтірді.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерлі-зайыптылардың мәйіті «Қайтпас-1» ауданындағы үйлерінен табылған. Күдікті қылмыстың ізі суымай қолға түсті. Оларды өздерінің кіші ұлы өлтірген болып шықты. Өзінің айтуынша, бұрын сотталған 22 жастағы жігітті бұл қылмысқа ата-анасы мен үлкен ағасының арасындағы ұрыс-керіс пен дау-жанжал итермелеген көрінеді.
Полиция мәліметіне сүйенсек, сол күні кеште әкесін пышақтап, содан соң балталап өлтірген ол бөлмеге жүгіріп кірген анасын да балтамен жайратып салыпты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.