Қазақстандық мұнайшылар енді спорттық қабілеттерін пысықтай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық мұнайшылар енді спорттық қабілеттерін пысықтай бастады

Қазақстандық мұнайшылар енді спорттық қабілеттерін пысықтай бастады

Жаңаөзенде «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру компаниясының қызметкерлері арасында екінші спартакиада өтті. Бір апта бойы Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары мен Астана және Орал қалаларынан жиналған мұнайшылар арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтады.

  • 27 Тамыз 2013
  • 328
Фото - Caravan.kz

Бес күннен бері Жаңаөзеннің мына стадионы жанкүйерлерге лық толы. Бәріне себеп – екінші жыл қатарынан «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру өткізіп жатқан спартакиада. Мұнда кеңсені тастап келген басшылар да, ұңғымаларды спорт алаңына ауыстырған мұнайшылар да бар. Барлығы 400 мұнайшы бас жүлдеден дәмелі.

Манғыстау, Қызылорда, Атырау, Орал және Астанадан келген 7 команда спорттың 10 түрінен бақ сынасты. Бәйгенің басынан-ақ, «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары топ жарып, тұғырдың биігіне көтерілді.

Бекболат Ізмағамбетов, «Өзенмұнайгаз» АҚ спорт бойынша әдіскері:

— «Өзенмұнайназ» жарыс болады дегеннен бастап, «Өзенмұнайгаз» өзіміздің жаттықтыру жалпы жақсы деңгейде өтуде бізде спорттың қай түрінен қатысам десеңде барлық  жерде есіктер ашық, үлкен залдарымыз бар.

Бір қызығы –қазақтың ұлттық ойыны Тоғызқұмалақта топ жарғандар — өзге ұлт өкілдері. Ұпай саны жағынан тең келген үш спортшы ақыры жүлделі орындарды «уақытты ұтымдырақ пайдаланғаны» бойынша бөлісті.

Гауһар Құрманова, «Қазмұнайгаз» АҚ барлау-өндіру орталық аппаратының қызметкері:


— Біздің Астана командасы атынан Евремов Владимир катысып, бірінші ойынды ойнаған кезде күллі халық жиналып, айналдырып алып бұл қайдан келген адам, бұл Тоғызқұмалақты қайдан ойнап жүр дегендей сұрақтар туындады өте қызық жайттарға толы болды спартакиада.

Жарыс соңы арқан тартумен аяқталды. Нәтижесіне сәйкес үшінші орынға тұрақтаған команда анықталды. Сонымен жүлделі екі орын — Өзенмұнайгаз және оның еншілес ұйымына бұйырса, үшінші орын Қызылорданың «Қазгер» мұнайшыларына бұйырды. 

Атқосшы Кетебаев, спартакиаданы ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

— Спартакиаданы көріп  жатырсыздар өте жоғары деңгейде, әрбір спорт сүйер қауым, спортшы бұл спортқа өте қатты дайындалған. Сондыктан өте жақсы ұйымдастырдық деп есептеймін. Болашақта бағаны халық береді

Жаңаөзендіктер бас кубокқа қол жеткізсе, өзгелері арнайы медальдармен марапатталды. Ерекше көзге түскен спортшылар да құр алақан қайтқан жоқ. Мұнайшылардың игі дәстүріне айналған спартакиада енді келесі жылы Атырауда өтпек.