«Алматым – інкәрім менің» музыкалық реторо фестивалінің басталуына санаулы күндер қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым – інкәрім менің» музыкалық реторо фестивалінің басталуына санаулы күндер қалды

«Алматым – інкәрім менің» музыкалық реторо фестивалінің басталуына санаулы күндер қалды

«Алматым – інкәрім менің» музыкалық реторо фестивалінің басталуына санаулы күндер ғана қалды. Қазір кештің дайындығы пысықталып жатыр. Әншілер мен бишілер өнерін, ал техникалық топ сахнаны әрлеуде. Айта кетсек, биыл фестивальға – 14 жыл толып отыр. Десе де әдеттегідей бұл жолы да кештің  ерекшелігі жоқ емес. Мәселен, билеттер сатылмайды, тек ұтысқа түседі. Ал 7-ші қыркүйекте өтетін концерт орны халықаралық трамплин кешеніне ең соңғы үлгідегі лазерлер мен «3D-mapping» форматындағы алып телеэкран орнатылуда.

  • 27 Тамыз 2013
  • 378
Фото - Caravan.kz

Биылғы фестиваль бұрыңғысынан өзгеше болады. Әсіресе, техникалық қойылым жағынан. «3D-mapping» форматындағы алып экран сахнаға қойылып, техниканың соңғы үлгісінде жасақталған лазерлік шоу көрініс бермек.

Ал әншілердің көрсетер өнеріне келер болсақ, биыл фестиваль «музыкалық ринг» тақырыбына негізделген. Әзірге кімнің кіммен жұптасып ән айтарын жұлдыздардың өздер де білмейді. 

Қайрат Нұртас, әнші:

— Бұл кеште бұйырса, Юрий Шатуновтың «Сидая ночь» деген әнін алып шығамын. Бұл жігіттің өмірі негізі менің өмірімен ұқсас. Сондықтан оның әнін өзім таңдап алдым.

Бұл жолы фестиваль шымылдығын ашу қазақтың ұлттық биі – Қара жорғаға бұйырған. Тағы бір жаңалық – биыл билеттер сатылымға түспейді.

Динара Тұрсынова, «Алматым – іңкәрім менің» ретро фестивалінің баспасөз хатшысы:


— Биыл фестиваль биелттері сатылмайды. Бірақ ұтысқа түседі. Радио және әлеуметтік желілерде арнайы викторина жүргізуліде. Сондай-ақ,
almalove.kz.сайтына тіркелу арқылы да алуға болады. Ал фестивальдің бас демеушісі «Самұрық» әл-ауқат қоры.

Айтулы фестиваль айтулы жұлдыздарсыз қалай өтпек? Сондықтан биыл да ретро мерекеге келуші қонақтар қатыр көп. 80-ші жылдардың шеруін бағындырған неміс әншісі – Сандра, қос швед тобы – «E-Type» пен «Army of lovers», ресейлік әнші Натали болады.

Ал жалпы фестиваль сахнасына отандығы бар, шетелді бар 70-ке тарта әнші шықпақ. Десе де кешеке баруға мүмкіндігі болмай, билетті ұтып алмай қалғандардың қамығуына негіз жоқ. Ретро кештің толық телевизиялық нұсқасы әдеттегідей КТК эфирінен көрсетілетін болады.