Алматыда әскери медициналық комиссия төрайымы болашақ полицейден пара алып жатқан жерінде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда әскери медициналық комиссия төрайымы болашақ полицейден пара алып жатқан жерінде ұсталды

Алматыда әскери медициналық комиссия төрайымы болашақ полицейден пара алып жатқан жерінде ұсталды

Алматыда әскери медициналық комиссия төрайымы пара алып жатқан жерінде ұсталды. Қалалық ішкі істер департаментіне жұмысқа орналасқан жігіт ертерек қызметіне кірісу үшін дәрігерден тез арада анықтама жасап беруін сұраған. Ал ақ халатты болса, «бұл қызметті» 150 мың теңгеге бағалапты.

  • 27 Тамыз 2013
  • 501
Фото - Caravan.kz


Серік Кешуов осы бір-екі күнде Алматы қалалық ішкі істер департаментіне жаңа қызметке кірісуі керек еді. Жігітке, тіпті, полиция формасы да табысталыпты. Әне-міне, тәртіп сақшыларының сапын толықтыруы тиіс ол, тәулік өтпей жатып, заңды белден басқан. Медициналық анықтаманы 150 мыңға сатып алған Серік, дәрігерге тексерілмей-ақ, пара беру арқылы ісін тыңдырмақ болған. Дәрігер Ақмарал Адаева екеуінің бұл сыбайлас әрекеті төрайымның бөлмесінде тығулы таспаға түсіп қалды. Сөйтсе, ішкі қауіпсіздік қызметкерлері жасырын камералар орнату арқылы өз қызметкерлерін бұрыннан сырттай бақылап отырады екен.