Алайда, Білім және ғылым министрлігінің бұл сүйінші хабары кәсіби біліктілігін арттыру курсын тәмамдаған педагоктарға қатысты. Яғни, биыл Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша оқыту жүйесінің жаңа үлгісін меңгеріп шыққан мұғалімдердің еңбекақысы 30-дан 100 пайызға дейін жоғарылайды. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап мұндай курсқа қатысу мектеп директорларына да міндеттеледі екен. Жалпы, елімізде 5 жылда 120 мың ұстаз қайта даярлықтан өтеді деп жоспарлануда.