Оңтүстік Қазақстанда 400-дей бала білім алатын мектеп құлағалы тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстанда 400-дей бала білім алатын мектеп құлағалы тұр

Оңтүстік Қазақстанда 400-дей бала білім алатын мектеп құлағалы тұр

Оңтүстік Қазақстан облысында 400-ге жуық оқушысы бар мектеп құлағалы тұр. Қабырғасы қақырап, төбесі опырылған сыныптар жабылып, балалар оқу ордасына сыймай жатыр. Сондықтан 3 ауысымда оқуға мәжбүр. Соңғы ауысымда оқитындардың сабағы түнгі онға қарай аяқталады. Жағдай екі жылдан бері осылай. Мектеп ұжымы талай жерге арызданса да, білім саласының шенеуніктерінен қайыр жоқ.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 405
Фото - Caravan.kz

400-ге жуық бала оқып жатқан мектептің сиқы осы. Оқу бөлмесінің төбесі опырылып, құлағалы тұрғанына екі жыл болыпты. Селдетіп өткен жаңбырдан кейін кабинеттің төбесі 70-80 сантиметрге төмен түсіп кетіп, оқушыларды басып қала жаздаған. Осыдан кейін директор мұғалімдердің күшімен тіреуіштер орнатып қойған екен.

Онсызда 250 балаға арналған мектепте 400-ге жуық баланың оқып жатқаны қосымша ауыртпалық. 30 жыл бұрын салынған мектепте бар жоғы 11 ғана кабинет болса соның төртеуі бірдей апатты деп танылып жабық тұр. Қауіпті аймаққа кезекшілер қойылып, ешкім өткізілмейді. Сыныптардың аздығы мен оқушының көптігінен мектеп үш ауысыммен оқуға мәжбүр.

Қабылжан Омарәлиев, мектеп директоры:

— 3 ауысыммен 2 жылдан бері оқытып жатырмыз. 8-де басталады да 9:45-те аяқталады. Енді кішкентай балаларымыз кешке таман үйге барып келуі қиын болады. Күз айы болғанымен қазір кішкентай қиындық тудырып тұр. Ол енді қысты күні  қиын болып кетеді. 9:45-те енді тіпті  түн болады гой.

Аудандық білім бөлімі болса апатты мектептің жағдайын біледі. Жыл сайын көтерілетін мәселе екен. Бұл жолы да шенеуніктер әдеттегі уәдемен тағы да шығарып салды.


Алтынай Әйтекеева,  ОҚО, Сайрам аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары:

— Облыстық бюджетке ендіріп, қазір Музрапов міне қазір 400 миллион теңгесі бюджетте тұр. Бөлініп тұр ақшасы. Инвестпроектіге кірді деген сөз ол уже Құдай қаласа бөлінеді деген сөз.

Егер шенділердің сөзіне сенсек, келесі жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшеді. Оған дейін, 3 ауысыммен оқып келе жатқан 400 бала қирағалы тұрған мектепте білімдерін жалғастыра бермек. Айта кетерлігі, Сайрам ауданында апатты деп танылған тағы бір мектепте дәл осындай жағдайда.