Естеріңізге салсақ, ақпанның 16-сы күні Тұрғынүй шаруашылығы басқармасының бастығы тақымдаған көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, үш машинаны талқандаған болатын. Салдарынан 3 адам жарақаттанып, бір адам көз жұмды. Көлікті мас күйінде басқарған шенеунік қамауға алынып, тергеу кезіндегі 5 айын абақтыда өткізген. Дегенмен, зардап шегуші жақ кешірім жасағандықтан іс сотқа жетпей жабылды да, Өтешев бостандыққа шықты. Оның тіпті көлік басқару құқығынан айырылмағаны да белгілі болды. Прокуратура мен сот өкілдері тараптар татуласқан соң, апат кезінде экс-шенеуніктің араққа сылқия тойып алғаны да ескерілмейді деп есінеп отыр.