Кәрі монах бір жас шәкіртін ертіп сапарға аттанады. Ауыл сыртында оларға ауыл әкімі кездеседі. Әкім монах пен шәкірті өзін күтіп алу үшін алдынан шыққан екен деп ойлап:
— Бекер әуре болдыңыздар ғой, — деді.
— Қателесесіз, тақсыр,-деді шәкірт. – Біз сапарға аттанып барамыз. Бірақ егер біз сіздің келетініңізді білген болсақ, міндетті түрде күтіп алар едік.
Монах үндемеді. Кешкісін ол :
— Біздің оны күтіп алуға шықпағанымызды айтудың қанша қажеті болды? Көрмедің бе, оның ыңғайсызданып қалғанын? — деді.
— Біз оған шындықты айттық қой. Алдаған жоқпыз.
-Жоқ, — деді кәрі монах, -Онда ол өз-өзін алдар еді, ал әзір біз оны ренжітіп қойдық.
* * *
Көреген бол
Кәрі молда шәкіртімен бір соқыр пақырдың қасынан өтіп бара жатады. Ол жол жағасында қайыр-садақа сұрап отырған болатын.
— Садақа бер, — дейді ұстазы.
Шәкірті пақырдың бас киіміне тиын-тебен тастайды.
— Құрмет ретінде сен бас киіміңді шешуің қажет еді,- дейді ұстазы.
— Не үшін? — дейді түсінбеген шәкірті.
— Қайыр-садақа берерде әрдайым осылай істеу керек!
— Не үшін?! Оның көзі көрмейді ғой, ол соқыр емес пе?!
— Есесіне сенің көзің көреді… — деп жауап берді ұстаз.
Автор: Жүрсін Кәрім